Төрлет,төрлет Наурыз!

ыыыыыыыыыыыыыыыы

Жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 
Босқа қарап тұрмаңыздар. 
Наурыз тойы басталды. 
Көргендер де армандар, 
Көрмегендер де армандар, 
Қызықтан тыс қалмаңдар!

 

“Наурыз Думан” әні орындалады қазақ киімдерін киген балалар айнала жайылған көрпелерге жайғасып отырады.

Жүргізіуші: Армысыздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

 

Жүргізуші: Балалар, біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып,  шашу шашатын  кім екенін білесіңдер ме!

Балалар: Қыдыр Ата! Наурыз Әже!
Жүргізуші: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды, шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!

ҚЫДЫР АТА:  Сұрасаң бата берейін,
                      Үстем болсын мерейің 
                      Ықыласпен қол жайсаң,
                      Ақ тілекті төгейін
                      Ұлыс оң болсын
                      Ақ мол болсын
                      Қайда барсаң жол болсын!
                      Ұлыс бақты болсын,
                      Төрт түлік ақты болсын!

Әумин!

Наурыз Әже:

"Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (отырған  қонақтарға шашу шашу)

Жүргізуші: Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңдар бүгін біздің мектебімізде «Төрлет,төрлет,Наурыз»атты  үлкен той болғалы жатыр, бізбен бірге тойлаңыздар!

Қыдыр Ата: Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ.

(Ортаға барып отырады)

Тақпақтар

Бейсен:

Уа, ағайын халайық,

Мұнда назар салайық.

Мерекесі халықтың,

Наурыз тойын бастайық.

Нарқыз:

Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Байлық,бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне.

Қайрат:

Жылдың басы наурыз,

Жердің басы наурыз.

Мерекеге арналсын,

Бүгінгі жыр-әніміз.

Мансур:

Жыл басы-Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды!

 

 Жанеля:

Наурыз айы келгенде,

Күн шуағы шашылып.

Жылғалардан су ағып,

Ақ әжелер құлпырып,

Наурыз көже пісіріп,

Қонақтарға тартамыз.

Нұрай:

Кең болсын қазағымның керегесі,

Кетпесін алла берген берекесі.

Алаштың баласына нәсіп болған,

Құтты болсын наурыз мерекесі.

Назгүл:

Наурызбен құттықтап,

Алыс,жақын қауышты.

Көктемдегі жарқын сәт,

Көңілдерге ауысты.

Ақерке:

Наурыз тойым,наурыз тойым,

Құтты болсын халайық.

Кәне достар,кәне достар,

Шырқап әнге салайық.

 

Ән «Қазақы дастархан»   Хор

 

Жүргізуші: Рахмет, балалар.

 

Кішкентай бала қолында қамшы бар “Сүйінші, сүйінші” сәби дүниеге келді.

 

Қыдыр Ата: Сәбилерің құтты болсын! Баланың бауы берік болсын! Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып атын қояйық!

Келін сәбиін құшақтап келеді.

 

Әже  құндақталған сәбиді қолына алады.

 Қыдыр Ата: Сен наурыз мерекесі күні дүниеге келгесін,  сенің атыңды Наурызбай қоямыз деп Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” үш рет құлағына айқайлайды.

Наурыз Әже: Енді дүниеге келген сәбиді бесікке салайық! Балалар, бесікке салу үшін Бесік, қолбау, аяқбау, шүмек, көрпе, көпшік . Бесік - қасиетті мүлік. Бесікті аластап, тыштырма жасап, баланы бесікке бөлейді. Бәле-жаладан сақтасын деп, ырымдап, оған тұмар тағып қояды.

Бала: Әже! Бесікке баланы жатқызбас бұрын қандай ырым жасалады?

Әже: Баланы қырқынан шығарады.

Бала: Баланы қырқынан қай кезде шығарады?

Әже: Туылғанына қырық күн толғанда қырқынан шығарады. Қырық қасық суға түсіріп, ит көйлегіне тәттіні түйіп, оны иттің мойынына байлап жібереді. Балалар итті қуып жетіп, тәттіні бөліп жейді. Ит көйлек – нәрестенің алғашқы көйлегі

Жүргізуші: Наурыз әже осы ойынды біздің балалар ойнап берсін

Ойын: Бір бала ит болады оның мойнына кәмпит түйіп байлайды. Ол қашады оны балалар қуады. Ит болған балаға жеткен бала кәмпитті үлестіріп береді.

 

Ойын : Қол күрес

 

Әже: Менің балаларым,  осы наурыз біздің жаңа жылымыз, осы мерекеде мен үнемі наурыз көже пісіремін. Сол наурыз көжені қалай пісіру жолын айтып өтейін (әже наурыз көже пісіру жолын айтып береді)

Құрметті қонақтар менің жеті түрлі дәм салған наурыз көжемнен ауыз тейіңдер! Ақ мол болсын!

Қыдыр Ата: О, халқым кішкентай менің балаларым! Сендердің бүгін өнерлеріңді тамашаладым, үлкен тойдың куәсі болдық, тойларың тойға ұласа берсін, халқымыз тыныш, еліміз аман болсын! Мен еліме қайтайын аман сау болыңдар!