«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарсақ ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Начальная школа села Карсак отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Анализ воспитательной работы

Қарсақ бастауыш мектебінің 2018-2019 оқу жылының   тәрбие жұмысының сараптасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Ғасырларға мақсат қойсаң, Ұрпақ тәрбиесімен айналыс»-деп халық даналығы айтқандай еліміздің ертеңі-бүгінгі жастар екені белгілі. Елбасымыз Н .Ә.Назарбаев халқымыздың алдында «XXI ғасырды құрушы іскер,өмірге икемделген,жан-жақты мәдениетті,сауатты жеке тұлғаны тәрбиелеу керек »,-деп жауапты міндет қойып отыр.Бұл ұлтымыздың болашағы тәрбиелі ұрпақ қолында дегенді білдіреді. Олай болса оқушының жеке бас қасиетінің шағын шеңберін кең көлемде қамтитын мына біздерміз . Мектепте жаңа 2018-2019 оқу жылына «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру туралы жоспар құрылып,бекітілді. «Адал ұрпақ»еріктілер клубы мүшелерімен жоспарланған жоспарға сәйкес көптеген тәрбиелік мәні бар іс-шаралар уақытында ұйымдастырылып өткізілді.Мектепте арнайы бұрыш жасалды.

  1-қыркүйек «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Білім күніне» арналған салтанатты жиын өткізілді.

Бекілілген жоспар бойынша «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында 1-4 сынып оқушыларына алғашқы «Мен өз елімнің кішкентай патриотымын»атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

 

  Қыркүйек айының 5-18 аралығында рухани жаңғыру аясында тілдер мерекесінің онкүндігі өтті.5 қыркүйек тілдер мерекесінің салтанатты  ашылуымен мектеп басшысы Баян Қажыбайқызы құттықтады.

 Оқушыларды құрылған жоспармен таныстырды.Әр күнде жоспарға сай іс-шаралар өтіп отырды.Сынып жетекші Роза Нұрмәдиқызының ұйымдастыруымен 1-4 сыныптар арасында «Өссе тілім,мен де  бірге өсемін» атты сынып сағаты өтті.

Мақсаты:Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру.Өлеңдер,мақалдар,билер,ойындар арқылы өтілетін шараның мәнін жеткілікті меңгерту.Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып,ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге,қадірлеуге,бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.

Мақал-мәтелдер сайысы өтті.

 

« Тіл-ұлы байлық» атты бұрыш ұйымдастырылды.

 Оқушылар өте белсенді қатысты.Онкүндіктің жабылу салтанатында оқушылар шағын мерекелік шара ұйымдастырды.Белсенді қатысқан оқушылар мектеп әкімшілігі атынан марапатталды.

  Денсаулық күніне байланысты рухани жаңғыру аясында «Денсаулық фестивалі-2018» өткізілді.Барлық оқушылар қатысты.Оқушылар жаттығулар жасады,түрлі қимылды ойындар ұйымдастырып ойнады.

 

 

 

 

  Жылдық жоспар бойынша жемқорлықтың алдын алуы бойынша іс-шаралар жалғасын табуда. Бекітілген жоспар 1-4 сыныптар арасында театрлық қойылымдар қойылды.

   Мақсаты:  «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.Өз көзқарастарын білдіріп,дүниетанымдарын кеңейту.Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

  Сонымен қатар оқушылар өз ойларын эссе жазып,сурет салу арқылы жұмыстарын ұйымдастырды.

 

 

 

  27 қазан мектебімізде жылдағы дәстүрге айналған  «Рухани жаңғыру» мақаласының шеңберінде «Қарттарым-асыл қазынам» атты мереке өтті.Мерекеге ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар шақырылды. Қарияларды құттықтау үшін қонақтар қатысты.Олар Троицк әкімшілігінің бас маманы Макушев Дулат Еслямұлы,ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаратаев Төлеген ата,ауылдың жеке кәсіпкерлері Құрсарин Айдарбек пен Тәшімов Мұхтар.Мерекені жүргізушілер Баян Қажыбайқызы мен Роза Нұрмәдиқызы ашып,қарияларды мерекелерімен құттықтады.Оқушылардың дайындаған мерекелік бағдарламасын ұсынды.

 

                                Риза болған қариялар оқушыларға өз ризашылықтарын білдіріп,қариялар атынан Байкенов Шойынбек ата бата берді.Мерекенің екінші бөлімі қарияларға арналып жайылған, дастарқан басында жалғасты.

  Қариялар осы мерекені ұйымдастырған ауылдың жеке кәсіпкерлері Құрсарин Айдарбек,Тәшімов Мұхтарға және мектеп ұжымы мен оқушыларына үлкен алғыстарын білдірді.

 

  Мектепте «Рухани жаңғыру» аясында өткізілген тағы да мерекелер,»Отбасы күні», «Ұстазым», «Аяулы күз» атты мерекелер өте қызықты,тартымды ұйымдастырылып өтті.

 

 

  Сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру бағдарламасының аясында «Қарсақ ауылының 100 жылдық тарихы» атты сынып сағаты өтті. Ондағы мақсат өсіп келе жатқан жас жеткіншектерге өз туған ауылының тарихы жөнінде,соғыс ардагерлердің ерліктері мен еңбек ардагерлерінің жасаған игі істері туралы жеткізу.Іс-шара өте тартымды,оқушылар өз аталары,ағалары,әжелері туралы көптеген мәліметтер алды.

 

  1- желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған көптеген тәрбиелік жұмыстар өтті.Мереке қарсаңында жоспар құрылып,бекітілді.Жоспарға сәйкес әр күні іс-шаралар өтті.26 қараша күні оқушылармен Елбасының өмірбаяны туралы әңгіме өткіздік.Мерекеге арналған шашка,шахмат ойындары ұйымдастырылды.28 қараша күні сурет салу көрмесі өткізілді.Сынып жетекші Нұртаева Роза Нұрмәдиқызының ұйымдастыруымен «Елін сүйген,елі сүйген Елбасы» атты сынып сағаты өтті.

  Мақсаты:жас ұрпаққа Елбасының өмір жолын,ерен еңбегі жайлы түсінік беру.Балаларымызға Отанымыз жайлы,ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік рәміздері туралы қарапайым ұғым бере отырып,Қазақстан қалалары,ұлты,ана тілі туралы білімдерін қалыптастыру.Өз Отанын,туған жерін сүюге,өз халқын құрметтеуге,рәміздерді қастерлеуге тәрбиелеу.

 

 

 

 

 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні аталып өтті.Мереке қарсаңында мектептің сырты безендірілді.Жоспар құрылып,іс-шаралар уақытында өтті.Мектеп ұжымы мен оқушылар мерекеге белсенді қатысты.

 

 

 

 

 

                      

    Одан кейінгі дайындық жұмыстары Жаңа жыл мерекесіне арналды.Биылғы жаңа жыл ерекше өтті.Жаңа жылды ертегі әлемінде қарсы алдық.Ертеңгілікке ата-аналар ертегі кейіпкерлерін оқушылармен бірге ойнады.

        

   «Жаңа жылды ертегі әлемінде қарсы алайық»атты ертеңгілікті өткізуге ат салысқан ауылдың жеке кәсіпкерлері Құрсарин Айдарбек,Нүрпеисов Дулат,Агбаев Болат,Кұсаинова Бибигулге ата-аналар мен оқушылар атынан үлкен алғысымызды білдіреміз.Оқушылардың қысқы демалыстарын жақсы өткізуге жоспар құрылды,сонымен қатар мектептің жанына сырғанақ жасалды,қардан түрлі денелер мүсінделді.

 

 

Екінші жартыжылдықта белгіленген жоспар бойынша іс-шаралар уақытында өткізіліп отырды.

  Жылдық жоспар бойынша жемқорлықтың алдын алуы бойынша іс-шаралар жалғасын табуда. Бекітілген жоспар бойынша қаңтар айында мектепте 1-4 сыныптар арасында театрлық қойылымдар қойылды.

 

 

      Жылдағы дәстүр бойынша көктемнің шуақты мерекелерінің бірі 8-Наурыз мерекесіне орай  «Ана-тіршілік тірегі» атты мерекелік концерт өткізілді. Мектепке оқушылардың аналарын шақырып, құттықтау концерті ұйымдастырылды.Балалар аналарына және қыздарға арнайы дайындаған өлеңдерін оқып, ән айтып, өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын ұсынды.Нұртаева Р.Н. ұйымдастыруымен әр түрлі ойындар өткізіліп, ана мен баланың арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Балаңызды қаншалықты  жақсы білесіз?»  атты психологиялық тренинг өткізді.Аналар ойындарға белсене қатысып, балаларының арман тілектеріне таң қалып, олардың ішкі дүниесіне терең үңіле қарайтын болып өз ризашылықтарын білдірді.

 

 

      19 наурыз күні мектебімізде  Рухани жаңғыру аясында «Қош келдің,әз Наурыз!» атты мереке өтті.Мерекені өткізуге мектеп жұмысшылары, күзетшілер, пеш жағушылар және оқушылар атсалысты.Наурыз мерекесімен мектеп басшысы Агбаева Б.Қ құттықтады. Балалар наурыз туралы өлең шумақтарын оқып,ән шырқады.Оқушылар Наурыз мерекесінің қалай тойланатыны туралы ойларын ортаға салды.Мереке барысында балалар ортаға шығып «Қара жорға»биін  биледі.Содан кейін көрермендердің назарына оқушылар қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері туралы өз ойларын айтты.Мектеп жұмысшылары балаларға қазақтың дүниеге келген сәбиге Азан шақырып ат қою салт-дәстүрін көрсетіп өтті.Азан шақыру үшін әдейі Қыдыр Атаның киімін киіп, Мұқанов Асылбек ағамыз рөлін сомдады.Балаға ат қою рәсімінен кейін Құрсарин А. ағамыз батасын берді.

     Мерекенің екінші бөлімі ата-аналардың дайындауымен жасалған ұлттық тағамдар мен Наурыз көжесі ұсынылды.Балалар дастархан басына отырып,әзілдер айтып, ауыл келіндері мерекеге өз үлестерін қосып,өздерінің әндерін шырқап берді.

 

     Сонымен қатар мектебімізде «Өмірге Ия деп айт!» атты іс-шара өтті.

 

Науқанның ұраны: «Өмір тамаша!»

 

Ақпараттық науқанның мақсаты:баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға қоғамның назарын аудару

 

Ақпараттық науқанның міндеттері: балаларды олардың денсаулығына

зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғау,

сондай-ақ осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы үлкендер мен балаларды қоса, қоғамның ақпараттандырылуын арттыру, еліміздің әрбір  аймақтарындағы тілшілерді балаларды зиянды ақпараттан қорғау мәселелерін жариялауға тарту;

 

 

Күтілетін нәтиже:баланың құқықтары,сондай-ақ әлеуметтік желілердің теріс ықпалына түскен жағдайда балаларға көмек көрсетудің кез келген түрлері туралы қоғамның ақпараттандырылуын арттыру;балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету қызметіне ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды жұмылдыру.

 

 

     Республика бойынша «Өмірге Ия деп айт!» іс-шара шеңберінде біздің де мектепте 6 наурыз күні 2-4 сыныптар арасында  «Зиянды әдетердің алдын-алу»тақырыбында сынып сағаты өтті.  Сынып сағатының негізгі мазмұнын сынып жетекші Нұртаева Р.Н ашып,оқушыларға ,зиянды әдеттерден аулақ болу дегеніміз,тек өз саулығыңды емес,болашақ ұрпақтың саулығын да ойлағандарың дұрыс деді.

 

Шараға арнайы ауылдың медбикесі Ағбаева Т.Ә шақырылды.Ол өз сөзінде балаларға «Өмірің өз қолыңда» атты баяндама оқыды. Әр саналы азамат бойында зиянды әдеттерден аулақ болу керек екендігі жан-жақты айтылды.Яғни,салауатты өмір салтын ұстану – әр азаматтың басты парызы мен міндеті деп оқушылар өз ойларын түйіндеді.

 

 Жыл бойы оқушылармен «Өрт қауіпсіздігі» айлығы жүргізіліп отырды.

       Оқушылар тақырып бойынша көп мәліметтер алды.Өздері түрлі жұмыс түрлеріне қатысып,ойларын толық жеткізе білді.Біз,ұстаздардың мақсаты оқушылардың бойына өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады.Сынып сағаттарында оқушыларға айлық туралы түрлі дәрістер оқылып,практика түрінде де көрсетілді.

  «Өрт – тілсіз жау» сынып жетекші  Б.Қ.Ағбаеваның ұйымдастыруымен сынып сағаты өт ті.

 

 

 

 Мақсаты: Оттың адам өміріндегі маңызын,пайдасын,пайда болу жолдарын ұғындыру.Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру. Сынып сағатын жарыс түрінде жоспарладық.

1.Сәлемдесу

2.ойын «Кім жылдам?»

4.ойын «Әдемі етіп бояймыз»

5.ойын «Кім мерген?»

6.Жұмбақ шешу

Қорытынды:  Балалардың естеріне сақтату,өрт кездейсоқ шықпайтынын,ол дұрыс пайдаланбаудан болатынын түсіндірі.Сендер оттың дос та,жауымыз да бола алатынына көз жеткіздіңдер.Естеріңде болсын: «Отпен ойнама,күйерсің», «Өрт – тілсіз жау».

  Айлыққа белсенді қатысқан оқушылар мектеп әкімшілігі атынан марапатталды.

  Биылғы жылы 9 –мамыр күні  Ұлы Жеңіске  74 –жыл толды. Бұл күн ел басына күн туған кезде, ер етегімен су кешіп, ат ауыздықпен су ішкен қиын заманда, елі, жері үшін жанын аямай, Отанымыздың абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған бабаларымыздың күні.Біз,бақытты ұрпақпыз. Себебі, біз де, біздің әкелеріміз де соғысты көрген жоқ. Ал бізге, бейбіт те бақытты өмір сыйлаған, кеудесін отқа төсеп, ерлікпен жеңіске жеткен батыр бабаларымыз. Олардың көпшілігі біздің арамызда жоқ. Бірақ, есімдері мен ерліктері біздің жадымызда.

  Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да, бұл күні барлығымыз Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік.

  Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.

  9 мамыр күні біздің ауылымызда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіштің жанында салтанатты жиын өтті. Жиынға  Троицк аймақтық әкімі Карабалин Талғат Сұлтанғалиұлы,Троицк аймақтық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаратаев Төлеген ата, «Зеренді-Астық» жергілікті басшысының орынбасары Жұмабаев Дүйсен Қайрошұлы және Қарсақ ауылының тұрғындары қатысты.

 

 

    Бұл мерекені арнайы екі жүргізуші:3-сынып оқушысы Көкше Нұрай және 4-сынып оқушысы Қажыбай Жанель ашып,құттықтады..Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға бір минуттық үнсіздік жарияланды.Жиынға қатысушы мекеме қызметкерлері мен мектеп оқушылары Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске ала отырып,ескерткішке гүл шоқтарын қойд

 

 Салтанатты шара мектеп оқушыларының мерекелік бағдарламасымен жалғасты.Аруақтардың рухына бағыштап дұға оқылды. Шараның соңында оқушылар осы бейбіт өмір сыйлаған ата-бабаларына ризашылықтарын білдіру мақсатында ,аспанға шарлар ұшырды.

 

Қарсақ  бастауыш мектебі бойынша «Парктер шеруі» халықаралық табиғатты қорғау акциясына қатысу туралы ақпарат

         Мамыр айында мектепке Ұлттық Табиғи парктің ғылыми инспекторы Ескаков М.К келіп оқушыларға тақырып бойынша дәріс оқып,сұрақ-жауап арқылы әңгіме жүргізді.Біздің мектеп бұл шараға жыл сайын белсенді қатысып келеді.

 Шараның мақсаты: табиғатты сақтау,қорғау,құрметтеу,яғни табиғаттың көрікті жерлерін сақтап қалып,келешек ұрпаққа табыс ету,сирек кездесетін өсімдіктер мен аңдар,жануарларды қорғап,көзіміздің қарашығындай сақтап қалу әрқайсымыздың міндетіміз.0-4 сынып оқушыларының арасында суреттер сайысы болып,суреттер көрмесі ұйымдастырылды.Оқушылар табиғат туралы шығарма жазды.Сурет көрмесінен 3-сынып оқушысы Көкше Нұрай 1-ші жүлделі орын алды. 2-ші орынды 4-сынып оқушысы Қажыбай Жанель иеленді. Мерген Кәдірбекұлы оқушыларға өзінің алғысын айтып,барлық белсенді қатысқан оқушыларға сыйлықтарын таратты.

 

 

 

  25 мамыр мектепте жылдағы дәстүр бойынша салтанатты түрде соңғы қоңырауға арналған «Қош бол,бастауыш»атты мерекелік шара өтті.

Биылғы жылдың түлектері 4- сынып оқушылары арнайы дайындаған  бағдарламасын ұсынды.

Мектеп әкімшілігі атынан түлектерді құттықтап,олардың ата-аналарына алғыс хаттар табыс етілді.Оқушылардың демалысқа шақыратын соңғы қоңырауы соғылды.

   Мектепте 1- маусым күні «Балаларды қорғау » күніне арналған мереке өтті.Мерекеге мектеп оқушылары,мектепке дейінгі бүлдіршіндер ата-аналарымен келді.Мерекеге сай безендірілген сахнаға жүргізушілер шықты.

 

1-Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған қонақтар,

ата - аналар, балалар!

Баршамызды бала тілмен баурайтын,

Бала деген бір бақыт қой самғайтын

Ата - ананың арманы мен тілегін,

Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын

Сүйкімді періштелер сендерсің

Қандай бейне өздеріңе тең келсін!

Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,

Ең алдымен балалықты меңгерсін.

 

 

2-Жүргізуші:Алғашқы құттықтау сөз мектеп басшысы Баян Қажыбайқызына берілді.Балаларды құттықтап,бүгінгі мерекенің бағдарламасымен таныстырды. «Жайдары жаз!» атты сауықтыру алаңының ашылғанын хабарлап,оқушыларды шақырды.Мереке өз жалғасын тапты.Оқушылар ән айтып,өлеңдерін оқыды.Сурет салды.Флеш-моб биледі. Троицк аймақтық әкімі Т.С.Карабалиннің ұйымдастыруымен балаларға балмұздақ таратылды.Балалар алғыстарын білдірді.Тәттілерін жеді.Үйлеріне көңілді тарады.

 

 

 

  

          Мектеп меңгерушісі:                    Б.Қ.Ағбаева

Жаңартылған күні: 15.07.2019 11:17
Құрылған күні: 15.07.2019 11:17

Текст