Қарсақ ауылының бастауыш мектебінің
«Өзі-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінің есебі
2020-2021 оқу жылы.
«Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты-рухани-адамгершілік тәрбие беру.Әсіресе,бастауыш сыныптан бастап оқыған балаларға өте жақсы. Себебі,кішкентай кездерінен өз-өздерін және қоршаған әлемді танып біледі.Балалар көңіл-күйлерін,мінездері мен тәртіптерін бағалауға үйренеді.Пәннің әр тарауы,әр тақырыбы болашақ ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік қайнарын сіңіріп,мінез-құлқын тәрбиелеуге ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген.
Осындай мақсатпен мектебімізде 2-12 ақпан аралығында өзін-өзі тану пәнінің «махаббат пен шығармашылық педагогикасы»атты онкүндік өтті.
Жоспар құрылып,бекітілді.Іс-шараға барлық оқушылар қатысты.Олар өздерінің бойларындағы жақсы қасиеттерді ортаға салды.
2 ақпан күні онкүндіктің жоспарымен таныстырылды.Сынып жетекшілер сабақтар өткізді.Сабақтар әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылып,оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған жұмыс түрлері қамтылды.
5 ақпан күні 1-3 сыныпты мұғалім Агбаева Б.К «Мейірімділік-жан шуағы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты:Оқушылардың «мейірімділік», «қайырымдылық»құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Ойлау қабілеттерін дамыту,өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.Мейірімділікке,қайырымдылыққа,кішіпейілдікке тәрбиелеу.
8 ақпан күні 1-3 сыныпта мұғалім Нұртаева Р.Н «Мейірім төгетін ана» атты тақырыпта сынып сағатын өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға 12 ақпан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айтып,бұл күннің біз үшін өте ерекше екендігін айтып түсіндірді. С.А.Назарбаеваның өміріне тоқталып, жаңа мәліметтер берді.
Шаралар барысында оқушылармен сұрақ-жауап,тренингтер жүргізілді.
Мәнерлеп оқу ұйымдастырылды.
Мектеп меңгерушісі: Б.К.Агбаева