«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарсақ ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Начальная школа села Карсак отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылға арналған есеп.

11.03.2022

1. Жалпы ережелер

1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша Қарсақ ауылының бастауыш мектебі» КММ, ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары. Заңды мекенжайы Зеренді ауданы Қарсақ ауылы Ардагерлер көшесі, 1

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:

«Ақмола облысы әкімдігінің білім басқармасының Зеренді ауданы Қарсақ ауылының бастауыш мектебі» КММ-де - 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2021 жылға «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданындағы Қарсақ ауылының бастауыш мектебі» КММ  - 7 қызмет көрсетті;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін – 0 қызмет;

«Электрондық үкімет порталы» арқылы – 5 қызмет;

0 қызметтің электрондық нұсқасында мемлекеттік қызмет көрсетілді;

қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер -2 қызмет.

Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

2020 жылы 3 қызмет көрсетілді;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін – 0 қызмет;

«Электрондық үкімет порталы» арқылы – 2 қызмет;

электрондық нұсқада көрсетілетін мемлекеттік қызмет 0 қызмет;

қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер -1 қызмет.

3) Көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: Білім беру саласындағы ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру құжаттарды қабылдау»;

 

«Бастауыш, негізгі, орта жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау»

 

2. Қызметті алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушыларға қажетті барлық ақпарат білім беру ұйымының http://sc0054.zerenda.aqmoedu.kz/ ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері де орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді актілер жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілуде. Білім беру ұйымы нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.).

Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында біздің білім беру ұйымы Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйе 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

«Қарсақ ауылының бастауыш мектебі» КММ мемлекеттік қызметтерді мектеп басшысы Агбаева Б.К. қажетті компьютерлік техникасы бар, 2019 жылы «Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету» біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы мәліметтер.

2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталуы мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес бақылау іс-шаралары жүргізілмеген. Бірақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы көңіл көншітерлік. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тартулар болған жоқ.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері.

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары.

2022 жылы білім беру ұйымы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады.

 

 

 

 

Жетекшісі                                                                    Б.Агбаева

 

 

 

Орындау Б.Агбаева

Тел.25-2-37

Просмотров: 245


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст