«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарсақ ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Начальная школа села Карсак отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақпарат

13.08.2019

    Қарсақ бастауыш мектебінің ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талдау туралы ақпараты.

  Біздің ұжым да 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Жолдауды тыңдап,ортаға салды.Мектеп меңгерушісі Баян Қажыбайқызы Жолдаудың ең негізгі тарауларына жеке-жеке тоқталып,ұстаздар қауымына алдағы уақытта елімізде білім саласында орын алатын өзгерістер жайында түсіндіріп өтті.   Терең мағынасы ие әрбір Жолдау ең алдымен егемен еліміздің ертеңгі жарқын болашағына бастар басты бағыт.

  Жолдаудың мақсаты- бүкіл әлемнің жаңа технологиялық құрылысқа көшуі жағдайында ең дамыған отыз елдің қатарына ену.Он түрлі міндетті алға қойды.Биылғы Елбасының Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауының жетінші міндетінде-адами капиталды білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу арқылы дамыту көзделген.Онда білім беру саласына қатысты біраз мәселелер көтерілді.Қай кезеңде болмасын білім сапасын жақсарту ,тәрбиені тәлімді жүргізу мұғалімдердің басты мақсаты болып қала бермек.Жолдауда білім беру жүйесін дамытудың бағыттарының бірі оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру және адами капиталын дамыту деп атап кетті.

  Жолдаудағы тапсырмаларды бірігіп орындайтын болсақ,әлемдегі дамыған елдердің қатарынан көрінетін боламыз.

  Президенттің Жолдауына қатысты өздерінің ой-пікірлерін білдіріп,толық құжатты қолдайтындарын жеткізді.

 

 

 

             Мектеп меңгерушісі:               Б.Қ.Ағбаева

Просмотров: 258


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст