«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарсақ ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Начальная школа села Карсак отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қарттарын қадірлеген ел ардақты

19.11.2019

Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

Әр күлгенің бізге бақыт саналар.

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде,

Елің,жұртың, ұл мен қызың бағалар

Ана мейір күн көзімен пара-пар

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен аналар!

 

  Үлкенді сыйлау,оларға құрмет көрсету-ата-бабадан келе жатқан салтымыз.

Осындай мақсатпен жылдағы дәстүр бойынша 17- қазан күні мектепте «Қарттарын қадірлеген ел ардақты»атты тәрбиесі зор  іс-шара өтті. Шараға мектебіміздің ардагерлері Байболов Қаирбек пен Нұртаева Боталай,оқушылардың ата-әжелері және Троицк аймақтық әкімі Карабалин Талғат Сұлтанғалиұлы шақырылды.Кешті жүргізушілер 4-сыныптың оқушылары Аскерова Назерке,Көкше Нұрай ашты.

 

 

 

  Құттықтау сөздер жергілікті әкім Карабалин Т.С,мектеп басшысы Ағбаева Б.Қ берілді.

 

 

 Кейін мұғалім Нұртаева Р.Н оқушылармен ұйымдастырған мерекелік бағдарламасы тыңдалды. 4-сынып оқушылары «Менің ата-әжем»атты әндерін шырқады.

 

 

 Әжелер оқушыларға шашу шашты.Қарт әже Нүрпеисова Түлкібай оқушыларға бата берді.Іс-шараның екінші бөлімі мектеп ұжымы дайындаған дастарханда жалғасты.Соңында ата-әжелер алғыстарын айтып,естелік фотаға түсіп,үйлеріне көңілді тарады.

 

 

 

 

 

Х.Жұмабаев ат.Қарсақ БМ меңгерушісі Ағбаева Б.Қ

Просмотров: 256


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст