«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарсақ ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Начальная школа села Карсак отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Азаматтық қорғаныс

12.03.2020

    Қарсақ бастауыш мектебі бойынша «Азаматтық қорғаныс күніне» орай өткізілген іс-шараның есебі.

                                         2019-2020 оқу жылы

   Мектебімізде 15 ақпаннан бастап «Азаматтық қорғаныс күніне» орай оқушылармен бірнеше іс-шаралар өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға 1- наурыз Азаматтық қорғаныс күні екенін айта отырып, қауіпсіздік шаралармен, сақтану жолдарымен таныстыру, білдіру.

Сынып жетекші Нұртаева Р.Н оқушыларға «Мен және төтенше жағдайлар» атты сынып сағатын өткізді.

 Балалар,бүгін біз «Азаматтық қорғаныс»деген қандай ұғым беретіні туралы оқып білеміз.Қауіпсіздік жағдайлары және оның ішінде су тасқыны, жер сілкінісі, өрт, дауыл соққан кезіндегі алдын алу шаралары.
      1 наурыз күні әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс» күні атап өтіледі.Сендер,балалар мынындай ережелерді естеріңе сақтап жүрулерің керек.

-Қоқыс пен оттықты тастамаңыз;

-Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз;

-Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз;

Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып,  толық өшіріп кетіңіз.
Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз;

Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн сәулесі түсіп өртке айналуы мүмкін;

Жаңа басталған өртті сумен, ағаштың жапырақты бұтақтарымен және топырақ тастау арқылы өшіріңіз.

Мұғалім топтық жұмыстар жүргізді.

 Әр топ өздеріне берілеген сөздер бойынша өз ойларын жеткізе білді.

  Сөздер: От, су, газ, көше, ток.

3. Видеоролик: «Апатты жағдайлар»

Апатты жағдайлардан қалай сақтану шарасын және алғашқы жәрдем туралы демонстрациялау.

4. Топтық жұмыс: «Біздің түсінігімізде» Әр топ сурет салу арқылы қауіпті жағдайлар туралы ойларын жеткізді.

 

 

  

 

   

 

 

 

                   Мектеп меңгерушісі:               Б.Қ.Ағбаева

                          10.03.2020 жыл


 

 

Просмотров: 204


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст