«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарсақ ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Начальная школа села Карсак отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қауіпсіздік ережелері

Қарсақ бастауыш мектебі бойынша «Қысқы кезеңдегі қысылтаяң төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер» туралы ақпарат

2019- 2020 жж оқу жылы

Қатысқандар: 1-4 сынып оқушылары

 

 

Мақсаты: Балаларды еңбекке баулу, қызығушылықтарын арттыру. Жыл мезгілдері туралы түсінік беру, әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру.

Көрнекіліктер: суреттер, қыс мезгілі, қауіпсіздік таратпа қағаздар

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, талдау.

 Сынып сағатын шаттық шеңбермен бастау. 

 

Балалар сурет салып, әр бала өзінің салған суреті бойынша әңгімеледі.

Сұрақ - жауап.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Балалар, алғаш сабаққа келген күндеріңді естеріңе түсіріңдер. Сонда сендер қалай киініп келдіңдер?

- Ал қазір қалай киініп жүрсіңдер?

- Қыс несімен қызық?

- Қыста біз не жасаймыз?

 

КӨК ТАЙҒАҚ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК.

Көкмұз - бұл қалың мұздың беті, көкмұз жерде, тротуарларда болады. Көкмұз - ауа температурасы 0С-ден - 3 С пайда болады, мұздың қалыңдығы бірнеше см. жетеді.

• Мұздақ - жер үстінде пайда болатытн мұздың жұқа қабаты, күн суығаннан кейін, не жаңбырдан кейін пайда болады.

• Мұздақ үстінде жүргенде табанды нық басып, асықпай, тізені бос қолды ұстап жүру керек.

• Асығу - көкмұз үстінде құлауға әкеліп соқтырады.

"Қар жинау" ойыны

- Сабақтың соңында балалар қыс туралы өлең оқып берді.

Нұрай:

Шыңнан сырғып түсті де,

Келді етекке қыс, міне.

Ақ қарлар ақ көбелек,

Қонды үйлердің үстіне.

Назгүл:

Боран соғып бірде өкпек,

Үйге айдады кір деп тек.

Мұз көрпеге оранды,

Сулар тоңып дірдектеп.

Ақерке:

Аулаға қар үйгізді

Бетті аязға сүйгізді.

Тоңбасын деп теректер,

Қырау ішік кигізді.

Назерке:

Басыпты енді арынын,

Боран түнде бұрқаған

Түсі де қыс қарының

Аумайды екен ұлпадан.

Бағалау оқушыларды мадақтау.

 

Фотоесеп

 

   

 

 

Мектеп меңгерушісі: Агбаева Б.К.

 

Жаңартылған күні: 24.01.2020 12:20
Құрылған күні: 24.01.2020 12:20

Текст