«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарсақ ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Начальная школа села Карсак отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлы Жеңіс-жасасын!

15.05.2019

Х.Жұмабаев атындағы Қарсақ БМ

 

 

 

 

 

 

 

  «Ұлы Жеңіс-жасасын!»

 

 

 

 

           2018-2019 оқу жылы

 

Жанель:

І жүргізуші:

 Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, және оқушылар! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 74 жыл толып отыр бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтың парызы деп білеміз. Жыл өткен сайын Отан ұшін болған ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда. Ерлік ешқашан да ұмытылуға тиісті емес. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 700 мыңнан астам жауынгер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар-ошарсыз кетті. Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты. Генерал Панфилов бастаған 28-ші дивизия жауынгерлерінің аттары Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріптермен жазылған.

 

Нұрай:

ІІ жүргізуші:

Бұлт түнеріп аспаннан,

 Талмай көзден жас тамған .

Тұтқиылдан жау тиіп ,

Қырғын соғыс басталған, - демекші соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отан қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты. Есімдері аңызға айналды. Ерліктері ел есінде қалды.

(ҚР Әнұраны орындалады)       

 

І жүргізуші:

Қасым Қайсенов, Талғат Бигелдинов, Нұркен Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен апаларымыз тарих бетінде «Батыр» деп жазылды. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иеміз!

 

ІІ жүргізуші:

 Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса-дағы қай ғасырдың қай жылы .

Ұлы Отаным басын иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны...

 

/1 минут үнсіздік/

 

Құттықтау сөздер:

 

 

 

І жүргізуші:

 Жеңіс! Осынау жалғыз ауыз сөзде қаншама терең мағына жатыр. Кез келген істің, қандай күрестің де басты мақсаты жеңіске жету болғанымен, кешегі Ұлы Отан соғысындағы үлкен Жеңістің орны айрықша бөлек. Оған жету үшін қаншама халық жан алып, жан беріскен шайқастарға толы ұзақ та ауыр жолдан өтіп келді. Зарықтырып, сағынтып жеткен ол Жеңісті жақындата түсуге майданның алдыңғы шебінде от пен оқтың ортасында болған майдангерлермен бірге тыл еңбеккерлері де, майдан даласынан шалғайдағы қарттар мен әйелдер де, буыны бекіп, бұғанасы қатпаған балалар да үлес қосқан. Ол сонысымен де қастерлі, қасиетті саналады.

 

ІІ жүргізуші:

Ұлы жеңіс

Сүйінші, халқым, сүйінші!

Сүйіншіге сүйінші!

Шаттан, ата - анамыз,

Шаттан, аға - бабамыз,

Кек қайтарып фашистен,

Соғыс бітті жеңіспен,

Жеңдік жауды күресте

Жасалсын той - мереке,- деп Таир Жароков айтпақшы, міне Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 74 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн!

Ән !Мәңгілік ел жастары»

Нарқыз:

Құтты болсын жеңіс күні ағайын

Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.

Ата - бабам қан берісіп шайқасқан,

Ата - бабам намыс бермей айқасқан.

 

Бейсен:

Жеңіс күнін қарсы алайық бәріміз.

Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.

Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған ,

Ардагерлер, ағаларға мың алғыс.

                                                             

 Ән «Сарбаздар»

 

Назгүл:

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

 

Ақерке:

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігерленген құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

 

Мансур:

Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржандай атамыз.

Фашистерден Отанды

Қорғап батыр атанды

 

Қайрат:

Достық бізге тым ыстық,

Бірлік-байлық, ырыс-құт.

Жарқырасын күніміз,

Жаса-жаса тыныштық.

 

Ән «Әрқашан күн сөнбесін!»

 

Құттықтау сөз

 





 

Просмотров: 298


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст